ХОК тарихында алғаш рет президент болып әйел адам сайланды.
Кирсти Ковентри Халықаралық Олимпиадалық комитетінің оныншы президенті болып сайланды. Дауыс беру Грекияның Коста-Наварино қаласындағы ХОК-нің 144-ші сессиясында өтті. Кирсти Ковентри бұл қызметте Томас Бахты алмастырып, 2025 жылғы 24 маусымда өз лауазымына кіріседі.
Кирсти Ковентри – Африка тарихындағы ең табысты жүзу шеберлерінің бірі, Зимбабвенің аңызға айналған спортшысы. Ол жеті дүркін олимпиада жүлдегері (2 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль).
Ковентри Афина (2004) және Бейжің (2008) Олимпиада ойындарында 200 метрге арқамен жүзу сайысында екі рет чемпион атанды. Сондай-ақ, ол әлем чемпионаттарында жеңіске жетіп, бірқатар әлемдік рекордтар орнатқан.
Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін, Ковентри спорт саласындағы әкімшілік жұмыстармен айналыса бастады. 2018 жылы ол Зимбабвенің спорт және мәдениет министрі болып тағайындалды. Сонымен қатар, ол Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) мүшесі және олимпиадалық қозғалысты дамытуға белсенді атсалысады.