What are you looking for?

Елімізде бірінші сыныпқа құжат қабылдау қашан басталатыны белгілі болды

20.03.2025

Биыл Қазақстанда бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"ҚР "Білім туралы" заңына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ қағаз нұсқада 1 сәуір — 31 тамыз аралығында тапсыруға болады", — делінген хабарламада.

Қазақстан азаматтары үшін жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:

  • ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
  • №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
  • өлшемі 3х4 см сурет (2 дана)

Шетел азаматтары үшін:

Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек. Шетел азаматтары мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек.

Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

"Құрметті ата-аналар! Құжаттарды тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, балаңызды мектепке беруді алдын ала ойластыруға шақырамыз!" — деп еске салды комитет өкілдері.

Social Link

Follow Me On Social Media