What are you looking for?

ӘЧ-2025: Фристайл-могулдан Анастасия Городко қола медаль иеленді

21.03.2025

Швейцарияда фристайл-могулдан өтіп жатқан Әлем чемпионатында 21 наурызда Қазақстан спортшысы Анастасия Городко қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті атап өткендей, Городко қола медаль үшін таласта Кайли Кариотиске (АҚШ) қарағанда мықты болып шықты.

"Бірінші орын Джейлин Кауфқа (АҚШ) бұйырды. Екінші орын Тесс Джонсонға (АҚШ) тиесілі. Айта кетейік, бұл спорт түрі 2026 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген", делінген хабарламада.

Бұған дейін Зимбабвенің спорт министрі Халықаралық Олимпиадалық комитеттің президенті болғанын хабарлағанбыз.

Social Link

Follow Me On Social Media