What are you looking for?

22 наурыз - Армысың, Әз Наурыз!

22.03.2025

Ежелгі жыл санағы бойынша, 22 наурызда күн мен түн теңеседі. Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы "Армысың, Әз Наурыз", "Әз болмай, мәз болмас" деп қарсы алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Наурыз мейрамы – қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Қазақ халқы бұл күні дүниеге келген қыз балаларға Наурыз, Наурызгүл, Наурызжан, ер балаларға Наурызбай, Наурызбек, Наурызхан деген есім берген.

1926 жылдан бастап, тоталитарлық жүйенің ықпалымен наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынды. Көп жылдар бойы ұмытылып, сынын жоғалтқан мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты.

Наурыз мерекесі 1991 жылы, 15 наурызда Қазақ СР Президентінің қаулысының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев наурыз айының 22 жұлдызын "Наурыз мейрамы" деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне "Наурыз мейрамы" деген атақ берді.

"Жыл басы" – бұл әрбір қазақстандық өз мәдениеті мен тарихының өзегіне оралатын уақыт. Осы уақытта барлық қалалардың басты алаңдарында этноауылдар ашылып, ұлттық мәдениеттің байлығын паш етеді. Бұл күні біз ата-баба әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін тамашалап, өткеннің рухын сезінеміз. Сонымен қатар, әр қалада және елдімекенде "Наурыз стиліндегі ең креативті безендіру", "Наурыз стиліндегі ең әдемі көше" атты халықтық байқаулардың жеңімпаздарын марапаттау шаралары ұйымдастырылады. Халықтық байқаулар жеңімпаздарын марапаттау – азаматтардың шығармашылық шабытын шыңдау ғана емес, мәдени орта қалыптастыру. Байқаудың маңызы – әр адам елдік тұрғыда мерекелік ахуалын қалыптастыруға үлес қоса алатынымызды көрсететіні. Үй-жай, аула мен көшелерді Наурыз нақышымен безендіруге қатысу арқылы әрбір тұрғын мерекелік ахуалды сезініп, отбасы ынтымағын арттырады. Бұл іс-шаралардың маңызы – тарихымызды жалғастырады, өткенмен байланысты нығайтады және болашаққа жол ашады. Бұл күні біз халқымыздың ауызбірлігі және ежелгі дәстүрлеріміз бен құндылықтарымызды сақтай отырып, барлық сын-қатерлерден бірге өтуге дайын екендігімізді атап өтеміз", деп хабарлайды 24kz.

"Жыл басы" – күнтізбедегі қатардағы күндердің бірі емес. Бұл – қоғам өміріндегі ерекше сәт, біз бұл күні мерекелік қуанышпен бас қосып, тарихымыздағы жаңа кезеңнің басталуын мақтанышпен атап өтеміз.

Айта кетсек, Наурызнама онкүндігі қайырымдылық пен мәдени шаралардан бастап, ұлттық салт-дәстүрлер мен экологиялық акцияларға дейін қоғамның барлық саласын қамтуға бағытталған.

14 наурыз – Көрісу күні, Амал мерекесі; 15 наурыз – Қайырымдылық күні, 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні, 17 наурыз – Шаңырақ күні, 18 наурыз – Ұлттық киім күні, 19 наурыз – Жаңару күні, 20 наурыз – Ұлттық спорт күні, 21 наурыз– Ынтымақ күні, 22 наурыз – Жыл басы, 23 наурыз — Тазару күні.

Бұған дейін Мемлекет басшысының атына Наурыз мейрамына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатқанын жазғанбыз.

Social Link

Follow Me On Social Media