What are you looking for?

Алматы әуежайында туристерге ерекше құрмет көрсетілуде

22.03.2025

Алматыға ұшып келген шетелдік жолаушылар паспорттық бақылау мен кедендік тексеру аймағында ұлттық ою-өрнекпен безендірілген тәтті кәде-сый алады.

2025 жылдың 21-23 наурыз аралығында Алматы қаласында Наурыз мерекесіне орай «Тәтті кәде-сый» атты ерекше акция өтеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Шараны Алматы қаласының Туризм басқармасы, Алматы халықаралық әуежайы, шекаралық бақылау қызметі мен «Жетісу» кеден бекеті бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Мақсаты – Алматыға келген шетелдік туристерге ұлттық мерекенің ерекше атмосферасын сезіндіру, қазақ халқының қонақжайлығын көрсету және елдің мәдени мұрасын таныстыру. Акция барысында 10 мыңға жуық шетелдік жолаушыға ерекше сый-құрмет көрсетіледі.

Туристерге қандай сый әзірленді?

Алматыға ұшып келген шетелдік жолаушылар паспорттық бақылау мен кедендік тексеру аймағында ұлттық ою-өрнекпен безендірілген тәтті кәде-сый алады.

  • Кәдесый құрамында қазақтың ұлттық тәттілері бар.
  • Әуежайда арнайы фотозона ұйымдастырылып, ұлттық нақыштағы баннерлермен безендірілді.
  • Келушілерге қазақтың дәстүрлі киімдерін (шапан) киіп, естелік суретке түсу мүмкіндігі беріледі.

Бұл бастама Алматыға келген қонақтарда қала туралы жылы әсер қалдырып, ұлттық дәстүрлермен жақынырақ танысуына мүмкіндік береді.

Social Link

Follow Me On Social Media