Қазақстандық кәсіпкер-олигарх Александр Машкевич 72 жасында өмірден озды. Бұл ақпаратты ENRC компаниясы растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Александр Машкевич 1954 жылы Бішкек қаласында дүниеге келген.
1970 жылы Қырғыз мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. 1981 жылы Кеңес Одағындағы мамандығы бойынша ең жас ғылым кандидаты, кейін қырғыз педагогикалық институтының факультет деканы болды. Соған қарамастан, ол 80-ші жылдардың соңында бизнеске бет бұрады. Алдымен ол өз ісін Қырғызстанда дөңгелетіп, бірақ 1995 жылы ол Қазақстанға түбегейлі көшіп келеді. Сөйтіп еліміздегі ең ірі және ықпалды адамдардың біріне айналады.
1990 жылдары кәсіпкер Кеңес өкіметі ыдырағанда Қазақстандағы жекешелендіру кезінде металлургия саласына қаржы салады. Ол 1994 жылы Патох Шодиев және Алиджан Ибрагимовпен бірге Eurasian Natural Resources Corporation (ENRC) компаниялар тобын құрған. 2005 жылы компания Лондон биржасына шығып, 2010 жылы Машкевичтің байлығы 3,3 млрд долларға жеткен.
Ол "Еуразиялық қаржы компаниясы" және "Еуразиялық банк" директорлар кеңесі, Қазақстан президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі құрамында болған. Бұған қоса, ол ҚР Ат спорты федерациясының құрметті президенті.