What are you looking for?

Түркістан облысында газ жарылып, екі адам қаза болды

23.03.2025

Түркістан облысы Шардара ауданы Жаушықұм ауылында газ жарылып, екі адам қаза болды. Оқиғаның мән-жайы жайлы Түркістан ТЖД қызметкері Zakon.kz тілшісіне ақпар берді.

Ведомство дерегіне сүйенсек, жеңіл автокөлік автогаз құю станциясына соқтығысқан. Салдарынан резервуардан газ ағып, кейін газ-ауа қоспасы тұтанды. Артынша жарылыс болды. Кейін тілсіз жау сол маңда тұрған көлікке ауысқан.

Оқыс оқиға салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды, үш адам күйік жарақатын алды.

"Медицина қызметкерлері бір зардап шеккен адамды ауруханаға жатқызды, екі адам медициналық көмекке өз бетімен жүгінді. ТЖД қызметкерлерінің күшімен өрт толық сөндірілді", – делінген ақпаратта.

Зардап шеккен 3 науқас Шардара аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Олардың бірі жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Қалған екі науқас орташа жағдайдағы дене жарақатына орай хирургия бөліміне ауыстырылды.

Медициналық авиация арқылы комбустиолог және реаниматолог маман кеңес беруге шақыртылды.

Екі адамныңда қазіргі жағдайы қалыпты. Медициналық көмек толыққанды көрсетіліп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от СМИ zakon.kz (@zakon.kz)

Бұған дейін Тараз қаласында өрт кезінде 10 адам эвакуацияланғаны хабарланған болатын.

Social Link

Follow Me On Social Media