What are you looking for?

Қазақстандық қолөнершілер 1 сағатта 500 тақия тігіп, жаңа рекорд орнатты

23.03.2025

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жүзден астам қолөнерші бар болғаны бір сағат ішінде 500 тақия тігіп, Қазақстан рекордтар кітабына (КИнЭС) енді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттіг «24KZ» арнасына сілтеме жасап.

Аталған перформанстың ең жас қатысушысы небәрі 9 жаста. Айта кетейік, бұл – тігіншілердің рекорд орнатуы бойынша алғашқы жағдай емес. Бұған дейін, қыркүйек айында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында шеберлер әлемдік рекордты жаңартқан болатын: 450 қолөнер шебері жалпы көлемі 11 мың шаршы метрден асатын құрақ көрпе тіккен.

Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуаныш Құдайбергенов бұл бастамалардың маңыздылығына тоқталды:

Қазақстан рекордтар кітабы мұндай жобаларды әрдайым қолдайды. Себебі бұл бағытта арнайы мектептер құрылып, мұндай бастамалар қозғалыстың алдыңғы шебінде болуы тиіс. 500 тақия – бұл өте үлкен көрсеткіш. Бірақ мұндағы басты қиындық – уақыт шектеуі. Олар тақияны тек тігіп қана қоймай, нақты пішініне келтіріп үлгеруі керек. Бұл техникалық тұрғыдан оңай шаруа емес. Бұл – әлеуметтік жоба, мұнда ешқандай коммерциялық мақсат жоқ, – деді ол.

Іс-шара «Конгресс-орталығында» өтті. Ертең осы жерде ұлттық стильде тігілген заманауи киімдер көрсетілімі өтеді. Отандық дизайнерлер өз топтамаларын ұсынбақ. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтары этникалық стильде жасалған әшекейлер, суреттер мен киімдер ұсынылатын көрмеге қатыса алады.

Social Link

Follow Me On Social Media