What are you looking for?

Қала әкімі Ерболат Досаев "Almaty clean & green" ауқымды экоакциясына қатысты

23.03.2025

Алматыда "Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасы мен "Алматы – біздің ортақ үйіміз" қалалық науқаны аясында "Almaty clean & green" атты ауқымды тазалық және көгалдандыру акциясы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – қала экологиясын жақсарту және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу .

"Almaty clean & green" акциясы қала тұрғындарын біріктіріп, олар көшелерді, қоғамдық орындарды, саябақтарды, скверлерді және өзен жағалауларын тазалау жұмыстарына белсенді қатысты. Сонымен қатар, сенбілік барысында ағаштар мен бұталар отырғызылды. Акцияға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, мәслихат депутаттары, мәдениет қайраткерлері, спортшылар, жастар мен қоғамдық ұйым өкілдері, экобелсенділер және қала тұрғындары қатысты.

Тазару күнінде өткен экологиялық акцияға 50 мыңнан астам тұрғын, 1 200-ге жуық коммуналдық қызметкерлер қатысып, 350-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Ауқымды тазалық жұмыстары барысында саябақтар, гүлзарлар, аулалар және демалыс орындары тазартылып, 8 мың текше метрден астам қоқыс жиналып, қала әкімдігі тарапынан арнайы полигонға шығарылды.

"Almaty clean & green" акциясының маңызды нәтижесі деп алма, алмұрт, шегіршін, қараған, үйеңкі және шаған сынды 10 мыңнан астам ағаш отырғызуды айтуға болады. Акция өткен орындарда мәдени-ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

Экоакцияға қатысқан қала тұрғындары мен эстрада жұлдыздары ойын бөлісіп, алматылықтарды туған қаласына қамқорлық көрсетуге шақырды.

Экологиялық бастамаларымен танымал алматылық Евгений Мұхамеджанов экологиялық мәдениеттің маңыздылығын атап өтті.

"Экологиялық мәдениетті қалыптастыру – қаламызды түрлендірудің негізгі қадамы. Бұл Алматының инвестициялық тартымдылығын, туристік әлеуетін және жалпы өмір сапасын арттырады. Біз туған қаламыз үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз", – деді эколог.

Қоғам қайраткері, ҚХА мүшесі Рустам Кайрыев мұндай шаралардың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі маңыздылығына тоқталды.

"Біз тек қоқыс жинап қоймай, экологиялық санасы жоғары қоғам қалыптастырудың негізін қалап жатырмыз. Бүгін осындай игі іске үлес қосқаныма қуаныштымын. Біз бірге сүйікті қаламызды таза әрі жайлы ете аламыз, өйткені Алматы – біздің ортақ үйіміз!", – деді ол.

Бұған дейін ІІМ кадр саласының офицері есірткі жасырушыны ұстаған ерлігі жайлы жазған болатынбыз.

Social Link

Follow Me On Social Media