What are you looking for?

Елдің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады: 24 наурызға арналған ауа райы болжамы

23.03.2025

Синоптиктер алдағы дүйсенбі, 2025 жылғы 24 наурызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша еліміздің басым бөлігінде фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр аралас қар күтіледі.

"Елдің оңтүстігінде нөсер жаңбыр, оңтүстік-шығыста, батыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтілуде", – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, ел аумағында тұман мен желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста – көктайғақ, оңтүстікте – найзағай болжануда.

Бұған дейін 24-26 наурыз аралығында Астана, Алматы және Шымкентте қандай ауа райы күтілетіндігі жайлы жазған болатынбыз.

Social Link

Follow Me On Social Media