What are you looking for?

"Сарыағашта нағыз көктем": Динара Сәтжан наурызды енесімен бірге қарсы алды

24.03.2025

Динара Сәтжан наурыз мерекесін Сарыағашта, енесінің үйінде қарсы алды. Ол желіге жазба қалдырып, абысындарымен жүрген видеосын жүктеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Динара Сәтжан Instagram-дағы парақшасында наурыз мерекесіне орай Сарыағашқа келгенін жазды.

"Сарыағашта нағыз көктем. 25 градус. Наурызды Мамочкамен қарсы алдық. Сонымен бірге абысындардан тағы бір мастер-класс. Бүгін — қаттама нан", — деп жазды ол.

Сонымен бірге ол енесімен түскен видеолары мен суреттерін жария еткен.

Динара Сәтжан
Динара Сәтжан. Фото: instagram.com/dinarasatzhan

Желі қолданушылары оның енесімен ұқсастығын жарыса жазып жатыр.

"Өте ұқсайсыздар", "Енеңіз өзіңізге ұқсайды екен", "Динара өте сұлу, қарапайым. Бақытты болуға лайықты жан", — деп жазды олар.

Еске салсақ, бұған дейін белгілі тележүргізуші, блогер Динара Сәтжан желідегі парақшасына ауылдан видео жариялап, елді қызықтырып қойғанын жазған едік.

Social Link

Follow Me On Social Media