Халықаралық бағдарламалар орталығы студенттерді адамдар көп жиналатын орындарға барудан уақытша бас тартуға шақырды.
Түркиядағы қазіргі жағдайға байланысты "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ 25 қазақстандық стипендиаттың қауіпсіз екенін хабарлады.
"Барлық стипендиаттар Орталық қызметкерлерімен, Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен тұрақты байланыста және қажет болған жағдайда көмек сұрай алады. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына адамдар көп жиналатын орындарға барудан уақытша бас тартуды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және жергілікті биліктің нұсқауларын орындауды ұсынады", – делінген хабарламада.
Түркиядағы Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің байланыс нөмірлері:
- ҚР Елшілігі (Анкара): +905352734496;
- ҚР Бас консулдығы (Ыстамбұл): +905012621465;
- ҚР Бас консулдығы (Анталья): +905394400522;
- ҚР Бас консулдығы (Измир): +905530998789.
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ жағдайды қадағалауды жалғастырып жатқанын және стипендиатармен байланыста екенін мәлімдеді.