What are you looking for?

Осы аптада ел спортшылары қандай жарыстарда бақ сынайды

24.03.2025

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 24-31 наурыз аралығында Қазақстан спортшылары ел біріншіліктері мен халықаралық додаларда бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.

24–31 наурыз: Шахматтан жастар арасындағы ел біріншілігі

Ішкі чемпионатқа 11 өңірден 85-тен астам спортшы қатысады.

Өтетін орны: Павлодар қаласы.

24–31 наурыз: Фристайл акробатикадан Әлем чемпионаты

Ел намысын 5 спортшы қорғайды.

Өтетін орны: Энгадин қ., Швейцария.

25–30 наурыз: Күрес түрлерінен Азия чемпионаты

Жарысқа Қазақстан құрамасының палуандары да қатысады.

Өтетін орны: Амман қ., Иордания.

25–29 наурыз: Үстел теннисінен WTT Feeder Otocec турнирі

Ел құрамасынан 4 спортшы сынға түседі.

Өтетін орны: Оточец қ., Словения.

25–30 наурыз: Мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионаты

Әлемдік додаға екі спортшымыз қатысады.

Өтетін орны: Бостон қ., АҚШ.

26–30 наурыз: Шаңғыдан Әлем кубогі кезеңі

Жарысқа отандық 4 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Планица қ., Словения.

28–30 наурыз: Семсерлесуден Әлем кубогі кезеңі

Ұлттық құраманың 4 спортшысы жүлдеге таласады.

Өтетін орны: Будапешт қ., Мажарстан.

28–30 наурыз: GTF таэквондодан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты

Сайысқа 16 өңірден 120 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Ақтау қаласы.

Social Link

Follow Me On Social Media