What are you looking for?

Қос қазақстандық парадзюдошы әлем кубогында алтыннан алқа тақты

24.03.2025

Парадзюдошыларымыз әлемдік деңгейде ең үздік нәтиже көрсетіп, ел мерейін үстем етті.

Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан парадзюдодан Әлем кубогында Ақмарал Науатбек (J2, -52 кг) топ жарып, алтын медаль иеленді. Финалда ол Германия өкілі Изобель Тайды ұстау әдісімен жеңді. Бұл Ақмаралдың Олимпиада чемпионының белгісі – алтын жапсырмалы кимономен алғаш рет өнер көрсеткен жарысы болды.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық спортшы Альфия Тлекқабыл (J1, -52 кг) аталмыш турнирде алтын медаль жеңіп алды. Финалда ол Виктория Потапованы сенімді жеңді.

Тбилисиде (Грузия) өткен парадзюдодан Әлем кубогында Ғалымжан Смағұлұлы (J2, -81 кг) керемет өнер көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды. Ол финалға дейін Украина және Грузия спортшыларын жеңіп, шешуші белдесуде литвалық Освальдос Барейкиске жол берді. Бұл жарыс Олимпиададан кейінгі жаңа салмақтағы алғашқы бәсеке болды.

Social Link

Follow Me On Social Media