"Қазгидромет" РМК мамандары Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Гидрометеорологиялық орталықтың мәліметінше, оңтүстік астанада 2025 жылғы 26 және 27 наурызда ауа райы жауын-шашынсыз болып, +12°C-қа дейін жылынады деп күтілуде, бірақ 28 наурызда мегаполисте күндіз жаңбыр жауады деп болжанады:
26 наурыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде аздаған тұман. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5°C, күндіз +8+10°C.
27 наурыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Батыстан соғатын жел 3-8, екпіні 12 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +10+12°C.
28 наурызда: көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан соғатын жел 3-8, екпіні 12 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°C, күндіз +7+9°C.
Бұған дейін Алматыда 2025 жылдың 25 наурызында таңертеңнен бастап қар жауа бастағаны хабарланған болатын.