What are you looking for?

Тараздағы сауда үйлерінің бірінен жылан табылды

25.03.2025

Тараздағы сауда үйлерінің бірінде қызметкерлер жылан жүргенін байқап, құтқарушыларды шақырды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Министрлік ақпаратына сәйкес, Тараз қаласындағы сауда үйлерінің бірінде жұмыс істейтін қызметкер 112 пультіне қоңырау шалып, қоғамдық орында бауырмен жорғалаушының жүргені туралы хабарлаған.

"Құтқарушылар сауда орталығына жедел келіп, азаматтарға қауіп төндірмеу үшін арнайы құралдың көмегімен рептилияны ұстап алып, елді мекеннен алыс қауіпсіз жерге жіберді", — делінген министрлік хабарламасында.

Төтенше жағдайлар министрлігі жылан табылған кезде адамдарды орын-жайдан шығарып, жануарды құлыптап, құтқарушыларды шақыру қажет екенін еске салды.

"Жыланды өздігінен ұстау әрекеті қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін", — деп ескертті министрліктегілер.

Social Link

Follow Me On Social Media