Қазақстан құрамасының спортшысы Шамиль Ожаев грек-рим күресінен Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында үшінші нәтиже көрсетті , деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз 87 келіге дейінгі салмақта оңтүстіккореялық Сан Хек Пакпен кездесті. Нәтижесінде 5:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Шамиль Ожаев Қазақстан құрамасының қоржынына екінші қола медальді салды.
Айта кетейік, бұған дейін Ибрагим Магомадов 77 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болған еді. Ал, Әлімхан Сыздықов (130 келі) финалда өнер көрсетеді.