Үкімет отырысындаэкология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды басқарудың жай-күйі мен алдағы жоспар туралы баяндама жасады, депхабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министр өнеркәсіптік қалдықтар бойынша, жыл сайын республикада шамамен 1 миллиард тонна қалдықтартүзілетінін айтты.
Былтырғы жылдан бастап министрлік қалдықтарды жинау және қайта өңдеу кәсіпорындарын ынталандырумақсатында «ЭкоҚолдау» бағдарламасын қайта іске қосты. Биыл осы төлемдерге 9,2 миллиард теңге қарастырылды. Мысалы, полимер қалдықтарының жиналған және қайтаөңделген әр тоннасы үшін биылғы жылы төлемдер сомасы 71 мың теңгеден асады. Бұдан бөлек, Біз қалдықтарды қайта өңдеудің меншікті жүйесі бар өндірушілер менимпорттаушыларды утильалым төлеуден босату талаптарын жеңілдеттік, – деді Ерлан Нысанбаев.
Үкімет басшысыОлжас Бектенов полигондардың 20 пайызы ғана тиісті талаптарға сай келетінін айтты. Министр Ерлан Нысанбаев бұл мәселе бойынша 2020 жылдың соңында Үкіметкешенді іс-шара жоспарын бекіткенін, онда 100 жаңа полигон салу қарастырылғанын жеткізді.
Бүгінгі күніөңірлермен 100 жаңа полигон салу жоспарының аясында 7 полигон салынып іске қосылды. 23 полигонның құжаттамыс әзірленді. 18-і әлі әзірленуде, ал 52 полигонбойынша өңірлерге биылғы қаражат қарастырылып, құжаттамасын әзірлеуге кірісу керек. Одан тыс полигондардың экологиялық кодекске сәйкес келмейтін бірден-бірсебебі қала мен ауылдық елдімекендерді бөлмей, бір талап болу. Өйткені ауылдық мекендерге талаптарға сәйкес қыруар қаражат керек. Экологиялық кодексте бұлталаптарды жеңілдету қарастырылған, – деді Нысанбаев.
Бұдан өзге полигондарға утиль төлем есебінен қаржыландыру қарастырылу көзделіп отырғанынайтты. Осы ретте премьер-министр Олжас Бектенов бұл бағытта жұмыс баяу жүріп жатқанын, ауыз толтырып айтатындайнәтиже жоқ, әкімдіктердің жұмысын министрлік тарапынан дұрыс үйлестіру керек екенін, министрліктің осы бағытта дұрыс ұстанымы болу қажетін айтты.