What are you looking for?

Алматы облысында саңырауқұлақ теруге шыққан отбасы жоғалып кеткен

26.03.2025

ТЖМ қызметкерлері 6 адамнан тұратын отбасын құтқарды, деп жазады inbusiness.kz сайты .

Алматы облысы Балқаш ауданы Миялы ауылынан 20 шақырым жерде алты адамнан тұратын отбасы жеңіл көлікпен саңырауқұлақ жинауға шығып, қайтып оралмаған. Жоғалғандардың туыстары дабыл қағып, құтқарушылардан көмек сұрағаны айтылды.

"ТЖМ іздестіру тобы жоғалған отбасын тапты. Отбасы асуда батпаққа батып қалып, қозғалысын жалғастыра алмағаны белгілі болды", — делінген хабарламада.

ТЖМ "әрдайым өз жоспарларыңыз туралы жақындарыңызға хабарлап отыруға" кеңес берді.

Social Link

Follow Me On Social Media