What are you looking for?

Бір аптада Газа секторының 124 мың тұрғыны босқынға айналды

26.03.2025

Израиль әскери операциясын қайта бастағалы Газа секторында 124 мың палестиналық қайтадан босқынға айналды. Тиісті мәліметті БҰҰ-ның өкілдері жария етті, деп хабарлайды 24kz.

Олардың мәлімдеуінше, қазір эвакуацияланған жұрт ауруханаларды паналап отыр.

18 наурызда Израиль әскері 2 айға жалғасқан бейбіт бітімнен кейін Газаны қайтадан атқылай бастады. Оған ХАМАС-тың тұтқындарды босатудан бас тартуы себеп болған. Бір аптада атыс-шабыс салдарынан 700-ден аса палестиналық қаза тапқан.

Social Link

Follow Me On Social Media