What are you looking for?

Павлодар облысында жылдамдық режимін бұзған 21 мыңнан астам жүргізуші жазаланды

26.03.2025

Күн сайын облыс жолдарында полиция қызметкерлері жылдамдық режимін бұзған жүргізушілердің жолын кеседі.

Тәжірибе көрсеткендей, көптеген апат көбінесе дұрыс таңдалмаған қозғалыс жылдамдығы салдарынан болады. Әрбір жүргізуші жылдамдық шектеулерін сақтау керек.

Тек биылдың өзінде жылдамдық режимін бұзған 21 269 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәселен, Қалқаман кентінің маңындағы Астана – Павлодар автожолында Land Rover Range Rover автокөлігі тоқтатылды.

Ол автомагистральда белгіленген жылдамдық шегін асырып, 237 км/сағ жылдамдықпен жүрген. Енді бұл азаматқа айыппұл төлеуге тура келеді.

Айыппұл – бұл тек жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жаза ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысы талаптарын сақтаудың маңыздылығын еске салып, басқа жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің өмірі мен қауіпсіздігіне құрметпен қарауға шақыратын құрал. "Заң мен тәртіп" қағидатын басшылыққа ала отырып, полицейлер жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға шақырады.

Social Link

Follow Me On Social Media