What are you looking for?

Қызылордада мүгедек әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты тергеу басталды

26.03.2025

Қызылорда қаласының полициясы әлеуметтік желіде әйелін күйеуі ұрып-соққаны туралы тараған видеоға қатысты түсініктеме берді.

«Жәбірленуші ауруханада тазалықшы болып жұмыс істейді. Оның айтуынша, күйеуі қызғаныштан жиі соққыға жығады. Соңғы рет алған соққыдан екі қабырғасы шытынағаны медициналық анықтамамен дәлелденді», – деп жазды журналист.

Полиция істі бақылауға алды

Қызылорда қалалық полиция басқармасы денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру дерегі бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

«Жәбірленуші екі баласымен бірге дағдарыс орталығына орналастырылды. Оларға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетілуде. ІІІ топ мүгедегі болып табылатын күдіктіге қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды», – деді Қалалық полиция басқармасының бөлімше бастығы Ләйла Туысбаева.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын жүргізіп жатыр, ал қылмыстық іс облыстық Полиция департаментінің бақылауында.

Social Link

Follow Me On Social Media