Жылыой ауданының тұрғыны марқұм әкесінің рухына арналған барлық дәстүрлі ас беру рәсімдерінен бас тартты. Ол әлеуметтік желілерде 3, 7 және 40 күндік ас бермейтінін, сондай-ақ көңіл айтуға қатысты басқа да дәстүрлерді өткізбейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Бұған әкем де, Алла да разы болады. Дұға оқығыларыңыз келсе, мешітке барыңыздар", — деді ол.
Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі оны қолдап, бастысы – шынайы ниет пен дұға екенін айтып жатса, екіншілері дәстүрді сақтау марқұмға деген құрметтің белгісі екенін, ал мұндай бас тарту отбасы мен жақындарға деген құрметсіздік ретінде қабылдануы мүмкін екенін алға тартты.
Қалай болғанда да, бұл жағдай дәстүрді ұстанудың маңыздылығы мен діни сенімдер мен қоғамдық көзқарастардың арасындағы шекара туралы пікірталасты қайта жандандырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от АТЫРАУ | ҚАЗАҚСТАН | 06 ❄️ (@atyrauoil.official)