Марракеште (Марокко) шпагамен семсерлесуден Әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді. Оған Қазақстан құрамасы қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әйелдер арасындағы жарыста София Николайчук, Владислава Андреева, Ләззат Кәріпова, Каролина Фомина, Виктория Қайдарова өнер көрсетеді.
Ерлер арасында жүлде мен рейтингтік ұпайлар үшін Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Руслан Құрбанов, Аңсар Қасен, Кирилл Павлов, Никита Жулинский, Александр Федотов, Михаил Кузьмин, Нариман Уәлихан бақ сынайды.
Жарыс 27-30 наурыз аралығында өтеді.
Айта кетейік, ұлттық құрама Әлем кубогына Польшадағы оқу-жаттығу жиындарында дайындалды.