What are you looking for?

Республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

26.03.2025

Бүгін республикалық маңызы бар үш автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Жолдарды еріген қар суы басқан. Бұл Ақтөбе облысындағы «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының үшінші және 92-ші шақырымы, яғни Қандыағаш пен Ембі аралығы. Екіншісі, Қостанай облысындағы Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап аймақтағы Мариновка ауылы жанындағы жол. Ал «Петропавл қаласының айналма жолының» маңында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазавтожол дерегінше республикалық жолдар бойында 9 мыңға жуық су өткізгіш жұмыс істеп тұр.

Social Link

Follow Me On Social Media