What are you looking for?

Ұлытауда Жошы хан кесенесіне барар жол бағыты уақытша өзгерді

26.03.2025

Ұлытау облысында Жошы хан кешені мен кесенесінен баратын жол бағыты уақытша өзгерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдіктегілер бұған көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында қолға алынған су жіберу жұмыстарының жүргізілуі себеп екенін атап өтті.

Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында қолға алынған су жіберу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Ұлытау облысының көлік инфрақұрылымын және туризмді дамыту бойынша салынып жатқан облыстық маңызы бар «Сәтбаев-Малшыбай-Жошы хан, Домбаул кесенесі» көпірінің жанындағы айналма жол уақытша жабық екенін хабарлаймыз! Аталған жұмыстарға байланысты облысымызға келген қонақтардың Жошы хан кешені мен кесенесіне бару үшін Жезқазған жылу электр орталығы, Корғанбай жолы арқылы қатынауына болатынын ескертеміз,-делінген хабарламада.

Social Link

Follow Me On Social Media