What are you looking for?

13-баспаның олжасы

07.03.2025

Кейде адамның жұлдызды шағы бәрі бітті деген кезде басталуы мүмкін. Мәселен, жазушы Джоан Роулинг 1995 жылы «Хәрри Поттер» кітабын аяқтап, оны сол жылы баспаға ұсынған.

Алайда оның әдеби агенті қолжазбаны 12 түрлі баспаға жібергенде барлығы жариялаудан бас тартқан. Тек 1996 жылы Лондондағы шағын баспа «Bloomsbury» ғана романға қызығушылық танытыпты. Баспа үйінің иесі Барри Каннингемнің 8 жасар қызы кітаптың алғашқы тарауын оқып шығып, шығарманың қызықты екенін айтып, жалғасын сұраған. Осылайша, «Bloomsbury» баспасы романды жариялауға әзер келіскен. Өйткені баспаның директоры бұл кітаптың үлкен коммерциялық жетістікке жететініне сенбеген еді. Бірақ «Хәрри Поттер» жарық көре салысымен, оқырмандардың үлкен қызығушылығына ие болып, әлемдік балалар әдебиетінің жауһарына айналды.

Social Link

Follow Me On Social Media