Астанада Қадір түнінде, яғни 26 наурыздан 27 наурызға қараған түні тұрғындарды мешіттерге тегін жеткізетін арнайы автобустар жүреді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қосымша көлік 22:00-ден бастап қатынайды, автобустың соңғы жүретін уақыты – таңғы 04:00-де. Автобустар қала тұрғындарының ыңғайлы жүруін қамтамасыз ете отырып, қаланың аталған аудандарына жеткізу үшін қатынайтын болады.
Арнайы көлік қозғалысының маршруттары:
- "Республикалық Бас мешіт" мешіті – Целинный шағын ауданынан, "Есу каналы" аялдамасы және Республика даңғылынан.
- "Әзірет Сұлтан" мешіті – автобустар "Спутник" супермаркеті, Теміржол вокзалы және Көктал-1,2 тұрғын алабынан аттанады.
- "Әбу Насыр Әл-Фараби" мешіті – көлік "Көктал-1,2" тұрғын алабынан, Теміржол вокзалынан және Медициналық колледжден қатынайтын болады.
- "Сәдуақас қажы Ғылмани" мешіті – "Көктал-1,2" тұрғын алабынан және Киричный тұрғын алабынан қатынайды.
- "Рахымқызы Райса ана" мешіті – автобустар "Рахмет" сауда орталығынан аттанады.
Қосымша маршруттарды іске қосу жолдарда кептеліс болуына жол бермейді және елорданың барлық тұрғыны үшін қолайлы қозғалысты қамтамасыз етеді.