What are you looking for?

Президент «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалі туралы» Жарлыққа қол қойды

26.03.2025

«Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалі туралы

1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығы құрметіне, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігіне, қаһармандығы мен қайсарлығына терең құрмет көрсете отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалі тағайындалсын.

2. Мыналар:

1) «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен наградтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар);

2) «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін.

3. Қағидаларға сәйкес Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері және өзге де адамдар «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен наградталсын.

4. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2025 жылғы 26 наурыз

№ 825

«Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 825 Жарлығына

ТҮСІНДІРМЕ

1. «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалін тағайындау туралы» Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Мемлекет басшылары кеңесінің 2024 жылғы 10 маусымдағы шешімі «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалі туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын (бұдан әрі – Жарлық жобасы) әзірлеу үшін негіз болып табылады.

2. Мерекелік медальмен:

1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi;

2) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілер;

3) майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

4) Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдары;

5) Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизандық жасақтар, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германияға және оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар;

6) Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтар;

7) Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар;

8) қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

9) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;

10) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

11) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы);

12) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлері наградталады.

3. Мерекелік медальмен наградталатын адамдардың тізімдерін (бұдан әрі – тізімдер) жасау және бекіту мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1) тізімдерді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті әскери басқару органдары жасайды;

2) тізімдерді жасауға жауапты лауазымды адамдар оларға қол қояды және оларды облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана жергілікті әскери басқару органдарының басшылары 2025 жылғы 15 сәуірге дейінгі мерзімде бекітеді.

3) бекітілген тізімдер 2025 жылғы 20 сәуірге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарына беріледі.

4. Мерекелік медальді Қазақстан Республикасының Президенті атынан және оның тапсырмасы бойынша тізімдер бекітілген күннен бастап алты айдан кешiктірілмейтін мерзiмде Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары табыс етеді. Мерекелік медаль наградталатын адамдардың тізімге енгізілген жері бойынша табыс етіледі.

Наградталатын адамға мерекелік медальмен бірге медальдың куәлігі табыс етіледі.

Social Link

Follow Me On Social Media