What are you looking for?

Есіл өзенінің мұзы тез еріп жатыр

27.03.2025

Астанадағы Есіл өзенінің мұзы тез еріп жатыр. Қазір оның қалыңдығы 43 см, дегенмен мұз күннен-күнге жұқара береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар тұрғындарды сақ болып, бірқатар қарапайым ережені ескерген жөн деп отыр.

Мәселен, мұздың жұқа жерлеріне шықпауға, түнде және қолайсыз ауа райы кезінде мұз бетімен жүрмеген абзал. Рұқсат етілмеген жерлерден өтпеу керек, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондай-ақ, мұзда от жақпауды, балық аулау кезінде бір аймақта екі тесіктен артық бұрғылауға болмайтынын айтты.

Social Link

Follow Me On Social Media