What are you looking for?

Венеция қашан толығымен су астына кетеді

27.03.2025

2150 жылға қарай Венеция толығымен су астына кетуі мүмкін. Ғалымдар Италияның ұлттық геофизика және вулканология институты үйлестіретін халықаралық жоба аясында осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Rai News 24 жазды.

2050, 2100 және 2150 жылдарға арналған су тасқыны сценарийлері ХХІІ ғасырдың ортасына қарай қаланың едәуір бөлігі су астына кетуі мүмкін екенін көрсетті.

Зерттеушілер су тасқынының алдын алуға арналған қолданыстағы "Моисей" қорғаныс тосқауыл жүйесі алдағы қауіп-қатерді болдырмау үшін жеткіліксіз болуы мүмкін екенін атап өтті.

Ғалымдар ықтимал апаттың негізгі себебі климаттың өзгеруі екенін айтты. "Жоғары су" деп аталатын құбылыс Венецияның біртіндеп батып кетуіне әкеледі – қазіргі уақытта құрлық жылына 7 мм биіктікке дейін батып отыр. Бұл ай цикліне тәуелді толқындарға байланысты және жаһандық жылыну әсерінен күшейеді.

Бұған дейін Челябинскіде ірі метеориттің құлау сәті тіркелгендігі хабарланған болатын.

Social Link

Follow Me On Social Media