What are you looking for?

Егде адамдарға елеулі қамқорлық жасалды

27.03.2025

Көкшетау қаласында егде адамдарға арналған «Белсенді ұзақ өмір» орталығы ашылды.

Елімізде кең қанат жайған «Белсенді ұзақ өмір» ұлттық бағдарламасы аясында шарапатты шаруа жүзеге асырылды. Ашылу салтанатында облыс әкімі Марат Ахметжанов жаңа инновациялық жобаның маңызына тоқталып, жасалып жатқан игі істер жайында баяндап берді. Орталық директоры Бақыт Смағұл аға буын үшін жайлы орын болатындығына сенім білдірді. Айтса айтқандай, ғимарат толық жаңартылған. Құтты құрылысшының қалағынан жаңа шыққандай жарқырап тұр. Ең бастысы, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліпті. Негізгі қызметі емдік, дене шынықтыру, йога және скандинавиялық жүріс, вокал, хореография, қолөнер шеберлігін дамыту, шахмат, тоғызқұмалақ, асық ату тәрізді ойындарға қызығушылықты арттыру. Компьютерлік білім алуға толық мүмкіндік жасалған.

1

«Мен облыс орталығындағы автокөліктерді жөндеу станциясында жарты ғасырға жуық еңбек еттім, ұзақ уақыттан бері шахматпен айналысамын», дейді қала тұрғыны Сәкен Тәңірқұлов, – орталық зейнеткерлердің бас қосып, шүйіркелесетін, әртүрлі ойын ойнап, өздері қызығатын шаруамен шұғылданатын орынға айналғалы тұр. Ең бастысы, мемлекет тарапынан аға буынға айта қаларлықтай қамқорлық жасалып жатыр.

2

Ашылу салтанатында Франциядағы халықаралық күміс университеттер қауымдастығының президенті, профессор Франсуа Веллас онлайн байланысқа шықты. Профессор орталықтың ашылуымен құттықтап, жарқын жоба жайында лебізін білдірді.

3

Орталықта арнайы медициналық кабинет бар. Онда дәрігер келушілердің денсаулықтарын қадағалайды. Аппараттық база әзірленіп, ем-домның қажеттіліктері екшеледі.

Жаңа жобаны жүзеге асыруға ел қамын жеген меценаттар да араласыпты. Бұл жақсы мысал. Шоқан Уәлиханов атындағы және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеттері ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Айтпақшы, жаңа ғимаратта ардагерлер кеңесі де орналаспақ. Осылайша, аға буын үшін ақ түйенің қарны жарылған әдемі бір оқиға орын алды.

Social Link

Follow Me On Social Media