What are you looking for?

Наурыздың 27-сі күнгі саудада доллар тағы арзандады

27.03.2025

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 27 наурызда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 3,31 теңгеге төмендеп, 498,25 теңге болды.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,95 теңге болды.

Таңғы сауданың қорытындысы бойынша юань бағамы 68,49 теңгеге (-0,89) түсті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 498,7-501,3 теңге, еуро 536-542 теңге, рубль 5,79-5,95 теңге аралығында сатылуда.

27 наурыздағы сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді. Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 0,27%-ға, барреліне $72,86 дейін төмендеді.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 0,29%-ға арзандап, барреліне 69,45 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 501,81 теңге, еуроны 541,5 теңге, рубльді 5,96 теңге деп белгіледі.

Social Link

Follow Me On Social Media