What are you looking for?

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 облыста жол жабылды

07.03.2025

7 наурыз сағат 08:30 жағдай бойынша 7 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды , деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысында "Астана-Қарағанда-Алматы " автожолының 1291- 1353 шақ., (Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін).

Абай облысында "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 971-1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы-Шығыс Қазақстан облысы шекарасы).

Атырау облысында "Атырау-Орал" автожолының 5-62 шақ., (Атырау қаласы — Махамбет ауылы дейін).

Шығыс Қазақстан облысында "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 1013-1048 шақырым аралығы (Абай облысы шекарасы-Ұлан ауылына бұрылыс).

Қарағанды облысында "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолы:

— 1353-1426 шақ., Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін.

— 1610-1855 шақ., Ақсу-Аюлы ауылынан Балқаш қаласына дейін.

— 1505-1610 шақ., Атамекен ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін.

Қостанай облысында "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 252-340 шақ., (Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін).

Ұлытау облысында "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолы:

— 137-252 км, Ұлытау ауылы — Қостанай облысының шекарасы.

— 37-137 км, Сәтбаев қаласы — Ұлытау ауылы.

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 803 арнайы техника мен 1859 маман жұмылдырылды.

Social Link

Follow Me On Social Media