What are you looking for?

Әйелдер күресінен Азия чемпионатының алғашқы күнінде төрт спортшымыз жеңіліс тапты

27.03.2025

Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының төрт бірдей спортшысы жеңіліс тапты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін боз кілемде әйелдер күресінен жарыс басталды. Бес салмақ дәрежесінде жарысқа шыққан балуандарымыз арасында тек Светлана Анкичева ғана жартылай финалға жолдама алды. 50 келі салмақта белдескен аруымыз ширек финалда Тайбэй елінің өкілі И Линьді ұтты.

¼ финалдық белдесулерде Зульфия Яхьярова (55 келі), Гүлдана Бекеш (59 келі), Ирина Казюлина (68 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі) жеңіліс тапты. Енді отандастарымыз қарсыластарының жартылай финалдағы кездесулерін күтеді. Егер олар финалға жолдама алса, қазақстандық спортшылар жұбаныш кездесулеріне қатысады.

Бұған дейін, байрақты бәсекеде грек-рим күресінің шеберлері бақ сынаған еді. Қазақстан ұлттық құрамасы балуандары 2 күміс, 2 қола жүлде жеңіп алды. Отандастарымыз арасынан Әлімжан Сыздықов (130 келі) пен Омар Сатаев (82 келі) күміс медаль иеленсе, Ибрагим Магомадов (77 келі) пен Шамиль Ожаев (87келі) қолаға қол созды. Осылайша грек-рим күресінің өкілдері жарысты алтын жүлдесіз аяқтады.

Social Link

Follow Me On Social Media