What are you looking for?

Жем өзенінің арнасы кеңейтілді

27.03.2025

Атырау облысындағы Жем өзенінің түбі 2-2,5 метрге тереңдетіліп, ал ені 50 метрге кеңейтілді. Бұл туралы аймақтың ТЖ жөніндегі жедел штабы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазір Ақкиізтоғай мен Тұрғызба ауылы аралығы және өзеннің теңізге құятын сағасына дейінгі 50 шақырым жерде осы бағыттағы жұмыстар аяқталған.

Ал Құрсай өзенінің 80 пайызға жуығы тазартылып, тереңдетілген. Қазір қалаішілік аумақтағы жұмыстар жалғасып жатыр.

«Бекіту шараларын Құрсай өзеніндегі жұмыстар толық бітпегендіктен уақытша жүргіздік, яғни, бұл жердегі жұмыстар жалғасады. Өзеннің алдына арнайы үлкен шлюз салынады. Одан әрі қарай Құрсай өзенін және Құр-Жемді кесіп өтетін бөгеттердің бойына да шағын реттегіш шлюздар орнатылады», деді Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов.

аа

Бұдан бөлек аудан 3 дәрежелі қорғаныс бөгетімен қорғалған. Оның жалпы ұзындығы 100 шақырымға жуықтайды.

«Бірінші бөгет Жем өзенінің түбін тереңдету кезінде шыққан топырақтан төселген. Екіншісі республикалық маңызы бар Атырау-Бейнеу тас жолынан басталып, Ақкиізтоғай ауылына дейінгі 65 шақырым балмен соғылып жатыр. Ал су ол екі бөгеттен өтіп кетті деген жағдайда 3-шісі, яғни, Құлсары қаласын қоршап тұрған былтырғы бөгет қайта нығайтылды»,деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев.

Айта кетейік, ені 20 метр, биіктігі 6 метр болатын, әр 50 см сайын престеліп нығайтылған 65 шақырым бөгеттің бүгінде 78 пайыз жұмысы аяқталған.

Social Link

Follow Me On Social Media