What are you looking for?

Ем алып жүрген: Ақтөбеде полиция қызметкерінің мәйіті табылды

27.03.2025

Ақтөбеде 26 наурыз күні полиция қызметкерінің денесі өз үйінде табылды. Қызметкердің қайтыс болу себептері әлі анықталмаған .

Бұл қайғылы оқиға әлеуметтік желілерде таралып, қызметкердің Алтын Орда ауданында достарымен бірге тұратыны белгілі болды.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті қызметкердің өлімін растады.

«Полиция қызметкерінің мәйіті тұрғылықты мекенжайында табылды. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Ол операциядан кейін емделіп жүрген», деп хабарлады облыстық ПД.

фото: baigenews.kz

Social Link

Follow Me On Social Media