What are you looking for?

Қазақстанның үш облысында жол жабылды

27.03.2025

2025 жылғы 27 наурызда сағат 18:00-дегі жағдай бойынша үш облыста республикалық маңызы бар тасжолдарда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы:

  • "Қандыағаш — Ембі- Шалқар — Ырғыз" автожолының 3-92-шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы — Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

  • Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • "Петропавл қаласының айналма жолы"автожолының 4-7-шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 658 арнайы техника мен 1 935 маман жұмылдырылды.

Social Link

Follow Me On Social Media