Су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде гидротехникалық құрылыстарды жөндеу бойынша 13 өңірде 43 іс-шара іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Нақты атағанда, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай, Жетісу облыстарында жұмыстар жүргізілді.
«Жоспарға гидротехникалық құрылыстарды ағымдағы жөндеу, каналдарды тазарту, жағалау нығайту жұмыстары кірді. Мысалы, Ақмола облысында Шағалалы және Сілеті су қоймалары, сондай-ақ «Алва» лимандық суару жүйесі жөндеуден өтті. Абай облысында Шар су қоймасының қорғаныс бөгеті салынды. Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев гидроторабында жағалау нығайту жұмыстары жасалды», деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Related items