What are you looking for?

Ким Чен Ынға Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медалі берілді

28.03.2025

27 наурызда "Мансудэ" съездер сарайында КХДР президенті Ким Чен Ынның атына Ресей президенті Владимир Путиннің мерейтойлық медалін тапсырды , деп хабарлайды Zakon.kz.

"1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы" мерейтойлық медалін беру туралы Ресейдің Пхеньяндағы елшілігінің әлеуметтік желілерінен белгілі болды.

"Ким Чен Ын КХДР аумағында қаза тапқан және жерленген кеңес азаматтарын еске алуға қосқан зор үлесі үшін медальімен марапатталды", – делінген ақпаратта.

Медалді Ресейдің КХДР-дағы елшісі Александр Мацегора Солтүстік Кореяның Жоғарғы Халық жиналысы Президиумының орынбасары Кан Юн Сокуға тапсырды. Ким Чен Ынның атынан қабылдап алған өкіл марапат үшін алғысын білдірді.

Бұған дейін Кореяда қазақстандықтар жол апатына түсіп, қаза тапқандығы хабарланған болатын.

Social Link

Follow Me On Social Media