What are you looking for?

Алматы әуежайында бірден екі әуекомпанияның рейстері кешігіп ұшты

28.03.2025

2025 жылғы 28 наурызға қараған түні алматылық туристер Тайландтағы Пхукет аралына ұшуы керек еді. Алайда олардың көптен күткен саяхаты ұшақтағы ақауға байланысты кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ашуға булыққан жолаушылар наразылықтарын әлеуметтік желіде жаппай жазды. Кідіріс алдымен Air Astana ұшағында болған. Рейс Вьетнамға тек бірнеше сағаттық кешігуден кейін жөнелтілді.

Ал, SCAT жолаушылары саяхатқа тек жарты тәуліктік кешігуден кейін ғана ұша алды. Жолаушылардың сөзінше, олар жоспарланған 01:35-те емес, 11:50-де жол тартты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Krispi Almaty | Криспи Алматы (@krisp_almaty)

Zakon.kz тілшісі түсініктеме алу үшін авиакомпанияның баспасөз қызметіне жүгінді.

Жауап келесідей:

"Ұшу алдындағы дайындықты жүргізу кезінде қосымша техникалық қызмет көрсету қажеттілігі анықталды. Күту кезінде жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар беріледі".

Сондай-ақ, SCAT әуекомпаниясы кешіктірілген рейстің жолаушыларынан кешірім сұрады.

Social Link

Follow Me On Social Media