What are you looking for?

Телефондардың IMEI кодын тексеру 2 айға шегерілді

28.03.2025

Қазақстанда ұялы телефондардың IMEI кодын тексеру 25 мамырға дейін шегерілді.

Бұған дейін сала министрлігі тиісті өзгерістер 25 наурызда күшіне енгенін мәлімдеген еді.

Бірақ, нарық қатысушыларының пікірінен кейін қосымша уақыт беру туралы шешім қабылданған.

Жаңа талапқа сәйкес, енді Қазақстанға алғаш рет әкелінген ұялы телефондардың IMEI кодтары тексеріледі, деп жазады qazaqstan.tv.

25 мамырдан кейін сынақтан өтпеген құрылғылар ұялы телефон желісіне қосыла алмайды. Жаңа тәртіп ұрланған, бұғатталған және жалған құрылғыларды жояды. Сатып алушыларды сапасыз тауардан қорғайды.

Social Link

Follow Me On Social Media