What are you looking for?

Таиландта жойқын жер сілкінісі болды: зәулім ғимарат опырылған кез видеоға түсіп қалды

28.03.2025

Бангкокта жер сілкінісі салдарынан салынып жатқан көпқабатты ғимарат опырылды. Куәгерлер желіде қорқынышты кадрларды жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жер сілкінісінің эпицентрі Мьянмада орналасқан. Таиланд астанасында дүмпу қатты болғаны соншалық — бассейндерден су төгіліп, салынып жатқан зәулім ғимараттардың бірі опырылды.

Әзірге зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ. Тайланд астанасында метро және басқа да қоғамдық көліктер жұмыс істемейді; адамдардан қауіпсіз жер табу сұралған.

Ал Мьянмада магнитудасы 6,4 баллға жеткен жер сілкінісі қайталанған.

Еске салайық, бүгін түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында да жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуінің жоғары қарқыны 5 балл болды. Бұл Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media