What are you looking for?

Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа әзірлік басталды

28.03.2025

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов 68665 әскери бөліміне барып, Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа әзірлік барысын тексерді. Соңғы екі аптаның ішінде бөлім аумағында 5 мың адамға арналған шатырлы қалашық пайда болды. Мұнда 186 тұрғынжай шатыры, 11 шаруашылық заттары мен жабдықтау пункті, 12 тұрмыстық қызмет көрсету шатыры, жеті далалық монша, далалық госпиталь, автопарк және техникаға арналған жөндеу-қалпына келтіру пункттері жұмыс істеп тұр. Жеңіс шеруіне 4,5 мыңдай сарбаз қатысады. Олардың 200-ден астамы қыз-келіншек. Механикаландырылған лекте 300-дің үстінде жауынгерлік техника сап түзесе, әуе шеруінде 66 ұшақ өнер көрсетпек.

Мереке Көшекбаев, ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы:

-Қорғаныс министрі далалық лагерьдің инфрақұрылымын, шеру есептобын және әскери техниканың дайындығын тексерді. Тексеріс барысында қорғаныс министрі қауіпсіздік шараларының дұрыс сақталуын және шеруге сапалы дайындалуына тапсырма берді.

Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық ұлан қызметі де Жеңіс шеруіне қызу дайындалып, сауытты көліктерді сайлап, бояу-сырлау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Шеруге Ұлттық ұланға тиесілі заманауи техниканың 17 бірлігі, одан бөлек қауіпті аймақтарда 17 адамға дейін жеке құрамды тасымалдай алатын «Урал ВВ» көлігі ұсынылмақ. 7 мамырда сауытты техниканың көрсетілімінен бөлек, Ұлттық ұланның 400 сарбазы сап түзейді.

Арсен Шаймерденов, ҚР ІІМ «Ұлттық ұлан» бронды танк қызметінің бастығы:

-Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған әскери парадқа Ұлттық ұланның бронды техникалары сақадай сай. Алан 2, Барыс 6х6 техникалары қатысу жоспарланған. Әскер әлеуетін көрсететін шараға Ұлттық ұлан әрқашан дайын.

Social Link

Follow Me On Social Media