What are you looking for?

"Меркіде – 5 балл": Жамбыл облысында жаңадан болған жер сілкінісіне қатысты тың мәліметтер шықты

28.03.2025

Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысында жаңадан болған жер сілкінісіне қатысты мәліметтерді жаңартты, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ТЖМ-ның мәліметінше, нақтыланған ақпарат бойынша жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқан.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12.3.
  • MPV магнитудасы – 5.7.
  • Эпицентрдің координаттары – 42.671° С. Е. 73.013º ш. б.
  • Тереңдігі – 5 км.

Жамбыл облысындағы сезілуі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша) есептелген қарқындылығы (балл бойынша):

  • Мерке ауылы 5.0 балл.
  • Құлан ауылы 4.4 балл.
  • Шу қаласы 2.6 балл.
  • Төле би ауылы 2.5 балл.
  • Сарыкемер ауылы 2.5 балл.
  • Тараз қаласы 2.4 балл.
  • Қордай ауылы 2.4 балл.
  • Аса ауылы 2.2 балл.
  • Мойынқұм ауылы 2.0 балл.

Жер сілкінісі кезіндегі қарапайым 10 қадам:

  • Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  • Жер сілкінісі кезінде лифт және баспалдақты қолданбаңыз;
  • Жиhаздан, терезеден алыс тұрыңыз;
  • Жасырынатын жерді табыңыз жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышына тұрыңыз;
  • Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда), көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
  • Мүмкіндігіңізше кетер алдында суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
  • Дабыл сөмкесін алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  • Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан алыс тұрыңыз;
  • Жер сілкінісіне дайын болыңыз;
  • Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесіңіз.

Айта кетейік, сейсмикалық станциялар желісі бүгін Астана уақытымен 16 сағат 00 минутта тағы жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпулері Жамбыл облысында сезілген. ТЖМ бастапқыда жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқанын мәлім етті.

Бұған дейін Жамбыл облысында болған жер сілкінісі 28 наурызда 03:42-де тіркелген еді.

Жер сілкінісі Тараз, Шу қаласы мен бірақтар ауданда сезілген. Әсіресе Меркі (күші 5 балл), Құлан аудандарында (4 балл) қатты сезілген.

Кейін тұрғындар түнде болған жер сілкінісінің видеоларын бөлісті.

Қазақстан Төтенше жағдай министрлігі командалық орталығының базасында сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылып, жедел желі іске қосылды.

Сондай-ақ жер сілкінісінен кейін өңірде қабырғасында жарық пайда болған ғимараттардың саны артқан.

Social Link

Follow Me On Social Media