Түркия президенті шараға онлайн қатысты.
Гвинея астанасы Конакриде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған атындағы мешіт ашылды. Мешіттің іргетасы 2023 жылы қаланыпты, деп жазады inbusiness.kz сайты
Мешіттің ашылуына онлайын түрде қатысқан Түркия президенті Гвинея халқына шексіз алғысын білдіріп, бауырластық көпірін орнатқандарын айтты.
– Бүгін біз мешітті ашып қана қоймай, жүректен жүрекке өтетін бауырластық көпірін орнаттық, – деді ол.
Айта кетейік, мешітке бір мезетте 2,1 мың адам намаз оқи алады екен. Аумағы да кең. 3,2 мың шаршы метр жерді иелеп жатыр.
Түркия мен Гвинея халықтарының досытқ символына айналған мешіттің сәулеті де ерекше көренеді.
– Осман мешіттерінің архитектурасынан біртұтас көлем мен ғимаратқа жапсарлас жабық галерея әсерін қамтитын бұл туындының көмегімен біз түрік-ислам дәстүрінің бай сәндік мотивтерін оның барлық үйлесімділігінде көрсетуге тырыстық, – деді ол.