What are you looking for?

Маңғыстауда есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топтан қомақты ақша тәркіленді

29.03.2025

2025 жылдың қаңтар айында Маңғыстау облысының прокуратурасымен есірткі және психотроптық заттарды өткізу дерегі бойынша (ҚК-нің 297-б. 3-б. 1-т.) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл туралы Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмыстық істі тергеп-тексеруді облыс прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасына тапсырылды.

Облыс прокуроры Айдос Майлыбаевтың өкімімен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Оның құрамына Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі және облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері де кірді.

– 2025 жылғы 28 наурызда тергеп-тексеріліп жатқан қылмыстық істің екі эпизоды бойынша қатысы бар адамдар ұсталып, ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотпен оларға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Оқиға болған жерді қарап-тексеру кезінде 1,174 млрд теңге және 176 мың АҚШ доллары алынды, — делінген Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Іс бойынша тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Тергеп-тексеру барысы облыс прокурорының қатаң бақылауына алынды.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол берілмейді.

Social Link

Follow Me On Social Media