What are you looking for?

Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының финалына өтті

29.03.2025

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Ризабек Айтмұхан Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Спортшы 97 келіге дейінгі салмақта алтын медальға таласады. Жартылай финалда Ризабек ирандық Мохаммадмобин Азимиді жеңді. Жекпе-жек 2-0 есебімен аяқталды.

57 келі салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық спортшы Рахат Қалжан жартылай финалда ирандық Джахангир Вализадеден жеңіліп қалды. Енді оны қола үшін күрес күтіп тұр.

Чемпионаттың финалдық блогы Астана уақыты бойынша 20:00-де басталады.

Social Link

Follow Me On Social Media