What are you looking for?

Ризабек Айтмұқан Азия чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері атанды

29.03.2025

Иордания астанасы Амман қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының балуаны Ризабек Айтмұқан финалда есе жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еркін күрестен 97 келіде Ризабек финалда жапониялық Араш Йошидадан 7:1 есебімен жеңілді. Осымен отандасымыз үшінші рет қатарынан құрлық біріншілігінен күміс медаль иеленді. Айта кететін жайт, Азия чемпионатында 97 келіде Қытай құрамасындағы этникалық қазақ балуаны Қабила Әбусайман қола медальға қол жеткізді.

Сондай-ақ, бүгін 57 келіде Рахат Қалжан қола жүлде еншілесе, 70 келіде Начын Куулар мен 79 келіде Дәулет Ергеш үшінші орын үшін белдесуде есе жіберді.

Жарыстың алғашқы күндері еліміздің грек-рим күресі балуандары 2 күміс, 2 қола медаль иеленсе, кеше әйелдер күресінен 1 алтын, 1 қола медаль еншіледі.

Social Link

Follow Me On Social Media