What are you looking for?

“Өз қолымен қуырдақ қуырып, шай құйды”: Күйеуінің зауытында қызмет еткен Тамара Асар елді таң қалдырды

30.03.2025

Танымал әнші Тамара Асар жолдасының зауытында Наурыз мейрамына орай ас беріп, мерекелік кеш ұйымдастырды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

«Астық элеватор жабдықтар зауыты қара жұмыстың қазанында қайнаған қарапайым жұмысшыларға арналған Наурыз мейрамын өткізді.

Тілі бөлек болса да, тілегі бір, діні бөлек болса да, еңбектегі жүрегі бір жұмысшыларға Қыдыр Ата батасын беріліп, киіз үй тігіліп, қазан көтеріліп, дастархан жайылып, самаурын қайнатылып, наурыз көже, қуырдақ, шелпек, бауырсақ пісіріліп, тәттілер таратылып, бағалы сыйлықтар беріліп, лоторея ойнатылып, арқан тартыс, гир көтеріп мәре-сәре болды.

Біз бүгін баларымызбен бәріміз жұмысшыларға қызмет жасадық…», – деп жазады әнші.

Желі қолданушылары әншінің қарапайымдылығына сүйсініп, адал жар бола білгеніне тәнті болды.

«Атыңыз жер жарған атақты әнші болсаңыз да, Тамара ханым, үнемі уақыт бөліп, жолдасыңыздың мәртебесін көтеріп жүресіз!», «Маңғыстаудың қазақилығын насихаттап жүргенің – керемет», «Ұлттық дәстүрді ұлықтаған отбасыға мың алғыс», – деп жазады олар.

Social Link

Follow Me On Social Media